Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
«Нөлдік кемсітушілік»
Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90 пайызында вирустық жүктеме басылған

1 наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен «Нөлдік кемсітушілік» күні атап өтілмек. Биылғы жылдың ұраны – «Әр адамның денсаулығын қорғау үшін – әр адамның құқығын қорғау қажет».

Мемлекеттің АИТВ-ға байланысты құқықтарды қорғау, кемсітудің қандай да бір нысандарына жол бермеу туралы кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте заңнамалық деңгейде бекітілген.

Елде ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы жүзеге асырылуда, ол АИТВ-инфекциясына байланысты профилактиканы, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі күні АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 82 пайызы өздерінің мәртебесін біледі, олардың 88 пайызы антиретровирустық терапияны (АРТ) қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90 пайызында вирустық жүктеме басылған.
Еліміздің барлық өңірлерінде профилактиканың инновациялық түрі – жанасуға дейінгі түрі енгізілуде. ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор жобасының арқасында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтардың 15 зертханасы автоматтандырылған ПТР жабдықтарын алды. Жыл сайын халықтың негізгі топтарының өкілдері (инъекциялық есірткі қолданатын адамдар, секс жұмысшылары, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар) АИТВ-ға тексерілуде. АИТВ-мен ауыратын әйелдердің 98% дені сау баланы өмірге әкеле алады. АРТ қол жетімді болуда, ол науқастарға диагноз қойылғаннан кейін бірден тағайындалады және тегін беріледі.

- Егер қоғамда АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілік деңгейі жоғары болмағанда, осы нәтижелердің барлығы әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Бүгінде кемсітушілікті толығымен жоюға баса назар аудару қажет. Бұл АИТВ-инфекциясының өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді, - дейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта