Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@mail.ru
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Call center: +7(7142) 52-42-13
+7(702) 075-79-52
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Сипаттама
«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК-да пациенттерді қолдау қызметінің комиссиясы жұмыс жасайды.
      Біз Сізге біздің ұйымның медициналық көмекті көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамыз.
     Call Center Науқастарды Қолдау Қызметіне 
+7(7142) 52-42-13+7(702) 075-79-52 нөмірі бойынша жүгіне аласыз, жұмыс кестесі: күн сайын 8 сағат 30 минуттан- 16 сағат 00 минутқа дейін.

2025 жылдың 31 желтоқсанға айына Қостанай облысы бойынша
АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай

2025 жылдың 31 желтоқсанға айына өспелі қорытындымен Қазақстан Республикасының азаматтары арасында 4100 АИТВ-инфекциясының жағдайы тіркелді, оның ішінде 33-і балалар (0-14 жас). Кумулятивті қайтыс болды - 1417 адам, АӨА (тірі) саны – 2683 адам. 100 000 тұрғынға шаққанда таралуы – 325,0% құрайды.
АИТВ-инфекциясының жағдайы облыстың барлық әкімшілік - аумақтық бірліктерінде тіркелген.
АИТВ-инфекциясының негізгі бөлігі 15-49 жас репродуктивті жастағылар және барлық жағдайлардың 89% (3640 жағдай) құрайды, 15-49 жас аралығында таралуы 0,63% құрайды.
АИТВ-оң адамдардың арасында гендерлік бөлу бойынша: ерлердің үлесі – 64,1% (2627), әйелдердің үлесі – 35,9% (1473).
2025 жылдың 31 желтоқсан айына кумулятивті берілу жолдары бойынша: гетеросексуалдық жыныстық – 53,1% (2176), парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде – 43,1% (1768), анықталмаған жолы - 1,4% (59), гомосексуалдық жыныстық – 1,5% (61), анадан балаға берілу жолы - 0,7% (29), парентеральдық артифициальдық – 0,2% (7).
Жас құрамы: 0-14 жас – 0,7% (33), 15-19 жас – 2,0% (80), 20-29 жас – 24,4% (999), 30-39 жас – 38,2 (1566), 40-49 жас – 24,3% (995), 50-59 жас – 7,8% (320), 60 және одан жоғары – 2,6% (107).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топ бойынша бөлу: жұмыссыз – 43,9% (1801), жұмыс істейтіндер – 40,4% (1655), тергеу жүргізу барысында тұтқынға алынғандар – 9,4% (386), сотталғандар – 2,5% (101), зейнеткерлер – 1,7% (71), ОАОО, ЖОО–ның студенттері – 0,9% (35), ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі жастағы балалар – 0,7% (28), белгісіз – 0,2% (10), мектеп оқушылары – 0,2% (10), мектепке дейінгі мекемеде оқитын балалар -0,03% (1), ұйымдастырылмаған мектеп жасындағы балалар – 0,03% (1), әскери қызметкерлер - 0,03% (1).
Пенитенциарлық мекемеде кумулятивті 487 АИТВ-инфекциясының жағдайы анықталды, оның ішінде тергеу изоляторында – 386 (79,2%), түзету мекемелерінде - 101 (20,8%).
Қан және оның компоненттері донорлары арасында 92 АИТВ-инфекциясының жағдайы анықталды, оның ішінде 11% (10) – парентеральды берілу жолымен. АИТВ-ның трансфузиялық жолмен берілу жағдайы жоқ.
2433 адам Д-есепте тұр, 2025 жылдың 12 айында  – 259 адам алынды. 2422 адам АРТ қабылдайды, оның ішінде – 24-сі балалар.
Кумулятивті 725 жүктілік тіркелді, АИТВ алғаш рет анықталған жүкті әйелдер – 389, босану - 424, түсік – 293.

2025 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша
АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
 
Қостанай облысында 2025 жылдың 12 айында 172 АИТВ-инфекциясының жағдайы анықталды (100 000 тұрғынға шаққанда аурушаңдық – 20,8%), ал 2024 жылдың ұқсас кезеңінде 251 АИТВ-инфекциясының жағдай (100 000 тұрғынға шаққанда аурушаңдық – 30,2%). 
Гендерлік белгісі бойынша: ерлердің үлесі – 66,9% (115), әйелдердің үлесі – 33,1% (57).
Жас құрамы: 0-14 жас – 1,7% (2), 15-19 жас – 0,6% (1),  20-29 жас – 9,9% (17), 30-39 жас – 25% (43), 40-49 жас – 41,3% (71), 50-59 жас – 15,1% (26), 60 және одан жоғары – 7,0% (12).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топ бойынша бөлу: жұмыс істейтіндер – 56,4% (97), жұмыссыз – 34,9% (60), мектеп оқушылары – 0,6% (1), ОАОО, ЖОО–ның студенттері – 0,7% (1), ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі жастағы балалар – 0,7% (1), тергеу жүргізу барысында тұтқынға алынғандар – 4,3% (7), белгісіз - 0,7% (1), зейнеткерлер – 2,5% (4).
2025 жылдың 12 айында берілу жолдары бойынша: гетеросексуалдық жыныстық – 75% (129), гомосексуалдық жыныстық – 1,7% (3), парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде – 20,9% (36), анықталмаған жолы - 1,7% (3), анадан балаға берілу жолы - 0,6% (1).
2025 жылдың 12 айында алғаш АӨА арасында – 7 жүкті әйелдер, жүктілік – 25, босану - 18, түсік – 7 тіркелді.
2025 жылдың 12 айында пенитенциарлық мекемеде – 7 АИТВ-инфекциясының жағдайы тіркелді.
2025 жылдың 12 айында қан және оның компоненттері донорлары арасында  АИТВ-инфекциясының жағдайы тіркелген жоқ.
2025 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша халықты АИТВ-инфекциясының бар-жоғына скринингілеу – 26,3% (217273 адам) құрады, ал 2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 26% (215852 адам). 
 

Қорытынды:
1. 2025 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша 172 АИТВ-инфекциясының жағдайы тіркелді;
2. 15-49 жас аралығында АИТВ-инфекциясының таралуы – 0,63% құрады;
3. 2025 жылдың 12 айында берілудің жетекші жолы гетеросексуалдық, жыныстық болып табылады – 75% (129 жағдай).
4. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингілеу көрсеткіші 26,3% (217273) құрайды.

 


Қызметтеріміз:
- АИТВ-ға алғашқы тексеру (ересектер мен балалар) және тестілеу нәтижелерін растау
- Пациенттің денсаулық жағдайын клиникалық бағалау: зертханалық зерттеулер (иммундық мәртебесі, вирустық жүктемені анықтау, шартты патогенді инфекциялардың диагностикасы, қанның биохимиялық және клиникалық талдаулары)
- Антиретровирустық препараттармен емдеу (себебін анықтап өзіндік емдеу),
-  Шартты патогенді инфекциялардың, басқа да ілеспе аурулардың алдын алу және емдеу
- АИТВ-ның анадан балаға берілуінің ретровирусқа қарсы алдын алуды жүргізу
- Өмір бойы диспансерлеу (пациенттің денсаулық жағдайын динамикада бақылау)
- Құпиялылық принциптерін ескере отырып, анықталған ілеспелі аурулардың бейініне сәйкес жалпы емдеу желісі ұйымдарына жіберу
- Кеңес беру, психологиялық қолдау
Сонымен қатар ЖИТС ОО-да Достық кабинеті жұмыс істейді, онда халықтың осал топтарына тегін және жасырын негізде ЖЖБИ диагностикалау және емдеу, сондай-ақ өтініш білдіргендерді мүшеқаптармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Мұнда мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа да медициналық ұйымдарға жолдама алуға болады.
АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмекті заң кеңесшісі көрсетеді. Сонымен қатар ЖИТС ОО жанында 2 білікті психолог, педагог, журналист, 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 
Облыста қызмет көрсетеді:
- 42 жасырын тестілеу кабинеті
- 40 психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті. ПӘК кабинеттерінің мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша тестіге дейінгі және кейінгі сапалы кеңестер береді, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупінің деңгейін бағалауды жүзеге асырады, АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық пен дағдыларға үйретеді.
- 11 сенім пункті: 9 стационарлық (8 - ЕПҰ жанында, 1 - ЕПҰ-дан тыс) және 2 мобильді. Стационарлық сенім пункттері Қостанай қ. бойынша 4 жерде бар: Рудный қ. - 2: Қашар қ.ү.а. - 1, Қарабалық ауданында - 1, Лисаковск қ. - 1. Сенім пункттерінде медицина және әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ 15 аутрич - қызметкер – халықтың осал топтарынан немесе "тең-теңімен" қағидаты бойынша жұмысқа тәуелді адамдар жұмыс істейді.
ОО жанында тиімді оқыту үшін қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған 50 орындық заманауи ресурстық орталық жұмыс істейді. Облыстық ЖИТС орталығы бес автокөлікпен жабдықталған.


Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының бөлімдері:
• Эпидемиологиялық бөлім
• Емдеу-алдын алу жұмысы және диспансеризациялау бөлімі
• Алдын алу жұмысы бөлімі
• Диагностикалық зертхана
• Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37 05 90 Call center: +7(7142) 52-42-13, +7 (702) 075-79-52kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта