Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Пациенттерді қолдау

Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы КМК
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі туралы
ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ереже

1.1.Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы КМК пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінін 35 бабы 3 тармағына сәйкес жұмыс жасайды.

1.2.Осы қызметтің құрамы мен құрылымы ұйым басшысымен бекітіледі, толықтырылады және/немесе өзгертіледі.

1.3.Медициналық қызметтер сапасын ішкі сараптамасын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы     3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттелген. 

1.4.Ішкі аудитті өткізудің негізгі принциптері:
Жүйелілік-медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама тұрақты негізде, құрылым индикаторларының, процестің және нәтиженің негізінде жүзеге асырылады;
Объективтілік- медициналық қызметтер көрсету сапасына денсаулық сақтау облысында стандарттарды қолдана отырып жүзеге асырылады;
Ашықтылық-сараптама құрылымдық бөлімше басшысының қатысуымен немесе аудит объектісі болып табылатын медициналық қызметтердің сапасына жауап беретін дәрігердің қатысуымен жүзеге асырылады.

1.5.Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің тапсырмасы:
-медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастырудың ағымдағы талдауы;
-медициналық ұйым клиникалық қызметі анализі;
-медициналық көмекті, стандарттарды, медициналық инцидиентті көрсету тәртібін бұзу факторларын анықтау;
-науқастардың өтініштерін оң бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастыру;
-ішкі тәртіп, жарғы және ұйымның жұмыс тәртібін бұзумен байланысты, басқа жағдайларды қарау және талдау;

1.6.Қызметте:
Төраға: Чижков А.Г.- бас дәрігердің м.а
Төрағаның орынбасары: Шевырева М.В.- бас дәрігер орынбасарының м.а;
Қызмет хатшысы: Абдуллина Ж.Н.-эпидемиолог-дәрігер;
Комиссия мүшелері:
Руди С.Н.- емдеу-алдын алу және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі;
Ташетова Н.А.- ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі;
Кравцова Н.А.- эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі;
Балгужина А.Т.- алдын алу жұмысы бөлімнің меңгерушісі;
Қойшыманов Т.Т. – биоқауіпсіздік жөніндегі маман;
Феофилактова Ю.В.- сапа жөніндегі менеджер;
Токкожина А.Р. – инфекциялық бақылау дәрігері;
Нурмагамбетова Г.У.- заң кеңесшісі;
Симанчук О.Н.- психолог.

2.Медициналық қызмет сапасы сараптамасын өткізу тәртібі


 2.1.Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бақылаудың келесі деңгейлеріне негізделген:
-өзін өзі бақылау;
-бөлім басшысы деңгейінде бақылау;
-Ішкі аудит жөніндегі Төрағасымен жүзеге асырылатын бақылау.

2.2.Өзін өзі бақаылау деңгейінде медициналық көмектін сапасы сараптамасы дәрігермен немесе орта медициналық қызметкермен жүзеге асырылады (сараптаманың бірінші деңгейі).

2.3.Медициналық көмектің сапасына бақылауды бөлім деңгейлерінде бөлім меңгерушісі, аға мейірбике немесе аға лаборант жүзеге асырады (сараптаманың екінші деңгейі).

2.4.Ұйым деңгейінде сапа бақылауын бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі    орынбасары жүзеге асырады.

2.5.Ішкі аудит қызметінің төрағасы ұйымда медициналық көмекті сапалы  қамтамасыз етуге структуралық жолын анықтайды.

2.6.Науқастардың жүгінулері және шағымдарын міндетті комиссиондық қарастыруға жатады.                                                                                                        

2.7.Бақылауға және комиссиондық келесі жағдайлар міндетті түрде жатады:

2.7.1.Пациенттердің немесе олардың туыстарының шағымдарымен ілесе жүретін жағдайлар; пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтер мен көмек сапасының нашарлауына байланысты мән-жайларға әкеп соқтырған, сондай-ақ өндірістік процестің нашарлауына және/немесе материалдық залал келтіруге әкеп соққан ұйым қызметкерлерінің өздерінің тікелей функционалдық міндеттерін өрескел бұзу және/немесе орындамау жағдайлары;

2.7.2.эпидемиологиялық маңыздылығы бар жағдайлар:
-баладан анаға берілетін АИТВ  берілу жағдайы, ретроспективтік жағдайларды қосқанда:
-медициналық қызметкерлердің кәсіптік жұқтыру жағдайлары;
-ҚАЖД жүйесінде АИТВ жұқтыру ішкі мекеме жағдайлары.

2.7.3.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың қызметі туралы Ережеде көзделген диагностиканың, антиретровирустық терапияны немесе өзге де медициналық көмекті ұсынудың қиындығына байланысты барлық жағдайлар;

2.7.4.Жұмыс процесінің тоқтауы/бұзуына әкеп соқтырған басқа жағдайлар.

2.8.Ұсынылатын медициналық көмектің сапасын бақылау таңертеңгі конференцияларда күнделікті жедел басқару, бөлім меңгерушісінің өз бөлімшесін аралау, медициналық құжаттаманың жүргізілуін бақылау жолымен жүзеге асырылады.

3.Азаматтардың жүгінулері мен арыздарымен пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысы тәртібі туралы

3.1.Азаматтардың, олардың туыстарының өтініштері мен жүгінулерін қарастыру (жазбаша,ауызша және телефон бойынша жүгінулері) тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті алу процесінде науқастардың заңды қызығушылықтарын және құқықтарын қорғауға бағытталған болуы керек.

3.2.Азаматтардың жүгінулері мен шағымдарын қарастыру тәртібінде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің маманы Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы, Қазақстан Республикасының конституциясын және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3.3.өтініштермен және жүгінулермен жұмыс кезіндегі негізгі принциптері:

1)Қазақстан республикасының заңнамасын сақтау;

2)барлық өтініштер мен жүгінулерге бірегей талап;

3)азаматтардың заңдық қызығушылықтарын,бостандығын,құқықтарын сақтау кепілдігі

4)өтініштерді қарастыру кезіндегі бюрократизмнің таралуына жол бермеу;

5)пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгінген барлық тұлғалардың теңдігі.

3.4.Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын басшылыққа алып қараусыз қалдырылуы мүмкін өтініштерге мыналар жатады:

-анонимдік өтініштер (емхана ғимаратындағы ааматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндерден басқа);

-өтініш, онда мәселенің мәні баяндалмаған.

3.5.Өтініштерді қараусыз қалдыру үшін негіз болған жағдайлар жасалса, бұл өтініш пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің мамандарымен қарастырылу керек.

3.6.Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде өтініш берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оны теріске шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

4.Медициналық көмек сапасы деңгейін түзету үшін қолданылатын негізгі шаралар.

4.1.Медициналық көмектің сапасы деңгейін түзетудің негізгі түрі:
1.Ағарту шаралары (әңгімелесу, лекциялар, семинарлар, шеберлік-класстары, санатты жоғарылату циклдарындағы оқу);
2.Ұйымдастыру шаралары;
3.Тәртіптік шаралар.

5.Қорытынды

Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін бағалауды ұйымдастыру жұмыстағы ақауларды анықтау тәсілі және оның деңгейін жоғарылату шарасы болып табылады.
Осы мақсатта сараптаманың әртүрлі кезеңдерінде сапаны бағалаудағы әрбір анықталған кемшілік және сәйкессіздіктің әрбір жағдайы, сондай-ақ нормативтік шығындардан елеулі ауытқулар медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру және емдеу-диагностикалық процеске оңтайлы тәсілдерді әзірлеу мақсатында талқылануы тиіс.
Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін бағалау жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, бұл басқаруға қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.
 

Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы КМК медициналық қызметтер сапасына қатысты сұрақтар немесе өтініштер туындаған жағдайда Сіз +7 (7142) 37 05 90+7 708 475 18 50 нөмірі бойынша ішкі аудит және науқастарды қолдау қызметіне жүгіне аласыз, бас дәрігердің блогына немесе электрондық поштасына kst_oc_aids@mail.ru хат жаза аласыз.

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта