Курсанттармен семинар
ЖИТС ОО педагогы С.А.Қадрон «ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» РММ-ның курсанттарымен алдын алу семинарын өткізді. Келесі тақырыптар қарастырылды:
1.АИТВ-инфекциясы. Берілу жолдары. Алдын алу принциптері;
2. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен дискриминация;
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексінің 161 бабы – «АИТВ- инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау»;
4. ҚР Қылмыстық Кодексінің 118 бабы «Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру»;
5. Талқылау;
Іс шараның негізгі міндеттері:
1.АИТВ-инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша ақпараттандыру;
2. Салауатты өмір салтын және жауапты мінез-құлықты үгіттеу;
3. Стигма мен дискриминацияны жою;
4. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға толеранттық қатынасты қалыптастыру;
5. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, қылмыстық жауапкершілік туралы ақпараттандыру.