2024 жылы 02 шілдеде облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері «ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі» РММ-ның әскери қызметшілеріне арналған семинар - тренинг өткізді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1. АИТВ-инфекциясы. Беру жолдары. Алдын алу принциптері;
2. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік;
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 161-бабы «АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау»;
4. ҚР Қылмыстық Кодексінің 118-бабы. «Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру»;
Іс-шараның негізгі міндеттері:
1. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру;
2. Салауатты өмір салтын және жауапты мінез-құлықты насихаттау;
3. Стигматизация мен кемсітушілікті жою;
4. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыру;
5. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың қылмыстық жауаптылығы, әлеуметтік және құқықтық қорғалуы туралы хабардар ету.