2025 жылы 18 ақпанда Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының қызметкерлері «Қостанай ауданының білім бөлімінің №1 Заречная жалпы білім беретін мектебі» КММ-ның оқушыларына семинар - тренинг өткізді.
Семинардың мақсаты жастарды АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне, өз денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын насихаттауға тарту.
Аталған іс-шараның спикерлері: Қостанай қаласының ЖИТС облыстық орталығының педагогы С.Қадрон, эпидемиолог-дәрігері А.Каирбаева.
Оқушылар семинарға қызығушылықпен қатысып, инфекцияның ықтимал қауіп факторлары мен серологиялық кезеңнің алдын алу және АИТВ – инфекциясымен байланысты басқа мәселелер туралы кеңес алып, пайдалы ақпарат алды.
Оқушылармен кездесуді қорытындылау кезінде дәрігер-эпидемиолог А.Каирбаева: «Біз жұқтыру қаупіне әкелуі мүмкін іс-әрекеттерімізге өзіміз жауаптымыз, және бақытты болашақ пен жақындарымыздың қауіпсіздігін таңдау арқылы дұрыс таңдау жасау маңызды!».