2025 жылғы 26 ақпанда Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының қызметкерлерімен Қостанай қаласының №3 емханасына мониторингтік сапар ұйымдастырылды.
Сапардың басты мақсаты - медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білімі мен құзыреттілігін арттыру. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына пациенттерді уақтылы тексеруге ерекше назар аударылды.
Ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету барысында медициналық персоналға арналған облыстық семинар өткізілді, онда қызметкерлер Қостанай облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен танысты, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу, АИТВ-ның тік жолмен берілу мәселелері бойынша өзекті проблемалар қаралды.
Семинарға қатысушылар ЖИТС қызметінің өкілімен бірге АИТВ-ға зерттеп-қаралуға жіберу кезінде пациенттерді кодтаудың жиі кездесетін қателіктерін талдап, апаттық жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритммен және олардың туындаған кездегі іс-қимыл ережелерімен танысты.