Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@mail.ru
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Call center: +7(7142) 52-42-13
+7(702) 075-79-52
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Қарабалық аудандық ауруханасына мониторингтік бару
Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторингтік тобы Қарабалық аудандық ауруханасына мониторингтік сапар ұйымдастырды.

Сапардың басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша білім деңгейі мен құзыреттілігін арттыру болды. Іс-шара барысында ерекше назар АИТВ инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқастарды уақтылы тексеруге аударылды.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде медициналық қызметкерлерге арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарда қатысушылар Қостанай облысы мен Қарабалық ауданы бойынша АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен танысты, сондай-ақ АИТВ инфекциясының, оның ішінде вертикальды жолмен жұғуының алдын алу мәселелері қаралды.

Семинар барысында қатысушылар ЖИТС қызметінің өкілімен бірге АИТВ-ға тексеруге жолдама беру кезінде жиі кездесетін кодтау қателіктерін талқылады, төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмімен және қауіпсіздік ережелерімен танысты.
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37 05 90 Call center: +7(7142) 52-42-13, +7 (702) 075-79-52kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта