2025 жылдың 29 тамызында Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Жітіқара аудандық ауруханасына мониторингтік сапар ұйымдастырды. Сапардың басты мақсаты медицина қызметкерлерінің АИТВ-ның алдын алу бойынша білім деңгейін және құзыреттілігін арттыру болды.
Ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету барысында медицина қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар өткізілді, онда қызметкерлер Қостанай облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен. Семинарға қатысушылар ЖИТС қызметінің өкілімен бірге науқастарды АИТВ-ға тестілеуге жіберу кезінде жиі кездесетін кодтау қателерін талдап, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер алгоритмімен және олар туындаған кездегі іс-қимыл ережелерімен танысты.