УЗАКО-ның 2025 жылғы 19 тамыздағы №475 бұйрығына сәйкес, «Экспресс-тестілеу әдістемесін жүргізу бойынша облыс медициналық ұйымдарының қызметкерлеріне арналған семинар өткізу туралы», Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталық базасында облыс медициналық қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
АИТВ инфекциясын диагностикалау. ҚР алгоритмі. АИТВ-ға зерттеу үшін биоматериалды жинау мен жолдауға қойылатын сапалық талаптар. АИТВ-ны диагностикалаудың ерекшеліктері.
Оң және теріс бақылау үлгілерін пайдалана отырып, IV буын экспресс-тестілерін қою әдістемесі.
IV буын тест-жүйелерін қолдану арқылы экспресс-тестілеу әдістемесін тәжірибелік тұрғыдан меңгеру.
АИТВ-ның провирустық ДНҚ-сын ПТР әдісімен анықтауға арналған СККК үлгілерін алу, сақтау және тасымалдау ережелері. Капиллярлық құрғақ қан тамшысын алу әдістемесін көрсету.
Экспресс-тестілеуді дұрыс жүргізу әдістемесі мен нәтижені дұрыс интерпретациялау қабілеті АИТВ-ға жылдам тестілер жүргізу кезінде маңызды рөл атқарады. АИТВ-ға талдаудың нәтижесі тікелей зерттеудің сапасына байланысты.
Мастер-класқа қатысқан қызметкерлердің міндеті — алған тәжірибесін өз медициналық ұйымдарындағы әріптестеріне жеткізіп, оларды оқыту.