АИТВ-ның алдын алу сағаты ҚР ТЖМ «Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінде» өтті.
Облыстық ЖИТС орталығының педагогы АИТВ-жұқпасының алдын алудың маңызды қырларын түсіндіріп, әскери қызметшілердің сұрақтарына жауап берді және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салды.
Алдын алу сағаты барысында қатысушылар АИТВ-ның берілу жолдары, қазіргі заманғы қорғану тәсілдері және тестілеу мүмкіндіктері туралы нақты ақпарат алды.
Іс-шара жеке құрамның хабардарлығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.