«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша семинар
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде қызметкерлерге арналған «Жол қозғалысы ережелерін білу – қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қызметкерлердің жол қозғалысы ережелері туралы хабардарлығын арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Семинарға қатысушылар жол қозғалысы ережелерін кәсіби әрі күнделікті өмірде сақтаудың маңыздылығын талқылап, жолдағы тәуекелдерді азайту бойынша практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті.