«Сау жұмыс орындары» жобасын іске асыру аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде қызметкерлерге арналған «Сау отбасы – сау ел» атты семинар өткізілді. Шара Ұлттық отбасы күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі міндеттері:
1. Отбасылық құндылықтарды насихаттау (махаббат, қамқорлық, өзара сыйластық).
2. Репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту.
3. Отбасын жоспарлау.
Семинар барысында қатысушылар отбасы құруға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын, дені сау қоғам қалыптастырудағы отбасының рөлін және болашақ аман-саулығының кепілі ретінде репродуктивті денсаулыққа қамқор болудың қажеттілігін талқылады.
Іс-шара қызметкерлердің отбасылық өмір құндылықтары жөніндегі түсінігін арттыруға және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға ықпал етті.