«Түзеткеннен гөрі алдын алу оңай» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Сүт безі обыры туралы дүниежүзілік ақпараттандыру күніне орай, КМК «Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасымен» бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен оқытушылары үшін ақпараттық-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында әйелдер мен қыз-келіншектерге сүт безі обырын ерте анықтау мақсатында тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар, қалағандардың барлығы АИТВ инфекциясына жедел тест тапсырып, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-таратпа материалдар алды.