Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@mail.ru
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Call center: +7(7142) 52-42-13
+7(702) 075-79-52
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ 2025 жылғы 10 қараша «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге»
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» - осындай ұранмен 2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан өткізілетін болады.
Бұл тақырып қиындықтарды еңсеруден адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтайтын тұрақты әрі тиімді шешімдер жасауға ұмтылысты көрсетеді.
2025 жылдың 31 қазанына Қостанай облысында АИТВ-инфекциясымен 2680 адам өмір сүреді.
2025 жылдың 10 айында АИТВ-ның 149 жаңа жағдайы тіркелді, бұл өткен жылға қарағанда 68-ге төмен (217 жағдай). Берілудің негізгі жолы – жыныстық. Бұл жаңа жағдайлардың 73,8% құрайды, соның ішінде көпшілігі – гетеросексуалды қатынастың нәтижесі. Парентералдық жол (инъекциялық есірткілер) 22% құрайды. Қалған жағдайлар берілудің басқа жолдарымен байланысты.
2025 жылдың 10 айында Қостанай облысында 170 мың аса АИТВ-ға тестілеу өткізілді. Осыған байланысты өңір халқының 20,7%-ы зерттеп-қараумен қамтылды. Үнемі тестілеуден өту АИТВ-ны уақытылы анықтауға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Облыстың әр тұрғыны тестті тегін, жылдам және құпия тапсыруына болады. Аурушаңдықтың төмендеуі, тестілеу деңгейінің артуы және індеттік үдерістің тұрақтануы – бұл медициналық мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және өңірдің белсенді азаматтарының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Бұл жетістіктер күштер біріктіріліп, көзқарас адам құқықтарына, сенімге және медициналық көмектің тең қолжетімділігіне негізделген кезде, қиындықтардың тиімді өзгерістерге көшу мүмкін екенін дәлілдейді.
Біз облыстың барлық тұрғындарын, медициналық ұйымдардың өкілдерін, белсенділер мен БАҚ-ты күш біріктіруге шақырамыз. Өйткені өзгерістер өзімізден басталады: әрекет етуге, тыңдауға, қолдауға және жағдайды өзгертуге.
Әр адамның денсаулығы – қоғамның денсаулығы екенін ұмытпауымыз керек. Аймақтық қауымдастық қиындықтардан нәтижеге жетудің үлгісі болсын.
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37 05 90 Call center: +7(7142) 52-42-13, +7 (702) 075-79-52kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта