2025 жылғы 10-14 қараша аралығында Қостанай облысында ИЕТ мен ЕЖЕ топтарының жұмысы мен қол жеткізген нәтижелерін мониторингтеу және бағалау мақсатында Жаһандық қор жобасын іске асыру тобы сапармен келді.
Сапар барысында Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушысымен, жобаны іске асыру үшін жауапты мамандар мен үйлестірушілермен кездесу өтті.
Тараптар өзекті мәселелерді талқылап, өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жұмыстың тиімділігн арттыру мақсаттарын айқындады.