Ұйымдастыру - әдістемелік бөлім – бұл ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың маңызды бөлімшелерінің бірі. Біздің команда аймақтың медициналық ұйымдарына АИТВ-инфекцияның алдын алу саласында дұрыс және тиімді жұмыс істеуге көмектеседі.
Бөлімнің негізгі мақсаты – облыстың барлық медициналық мекемелерін, меншігіне қарамастан қолдау және кеңес беру. Біз мамандарға сапалы жұмыс жасау үшін қажетті білім мен құрал-жабдықтарды алуға көмектесеміз.
Басты бағыттардың бірі – АИТВ-ның алдын алу, АИТВ-ның анадан балаға берілуі, зертханалық зерттеулер үшін материалдарды дұрыс дайындау сұрақтары бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту.
Бұдан басқа, біз халықты АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану құралдары туралы әлеуметтік желілер, БАҚ және орталықтың сайты арқылы ақпараттандырамыз.
Ұйымдастыру – әдістемелік бөлім – шағын болса да, бір ғана маңызды нәтиже үшін, облыстың барлық тұрғындарының денсаулығы пен қауіпсіз болашағы үшін жұмыс істейтін жауапты команда болып табылады.
Алдын алу. Ынтымақтастық. Денсаулыққа қамқорлық!