Университет студенттері үшін салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға арналған мазмұнды әрі пайдалы семинар ұйымдастырылды.
Спикерлер:
Оспичук Наталья Евгеньевна — университеттің Медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының меңгерушісі. Қадрон Серік Аузбайұлы — Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімі мен СӨС кабинетінің маманы.
Студенттер тек тыңдап қана қоймай, белсенді түрде сұрақтар қойып, аурулардың алдын алу, денсаулықты сақтау, қауіпсіз мінез-құлық пен дұрыс әдеттер туралы қызықтырған мәселелерге жауап алды. Осындай ашық диалог жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ұмтылатынын көрсетті.
Семинар студенттер үшін маңызды ақпарат алаңы болып, күнделікті дұрыс таңдау жасаудың мәнін түсіндірді.
Спикерлерге мазмұнды әрі өзекті ақпарат үшін алғыс айтамыз!!