Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан аясында «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ-да оқушылар мен қызметкерлердің АИТВ-инфекциясына қатысты сұрақтар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған алдын алу акциясы өтті.
Іс шара барысында оқушылар мен оқытушылар АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алудың негізгі шараларын және қауіпсіз мінез-құлық қағидаттары туралы өзекті ақпарат алды. Мамандар заманауи емдеу әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып, уақытылы диагностикалау мен тұрақты терапия алу кезінде толыққанды әрі белсенді өмір сүруге болатынын айтып өтті.
Оқушыларға хабардарлық, өз денсаулығына құрметпен және жауапкершілікпен қарау - АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі элементтері екенін еске салды.
Осындай іс шараларды өткізу денсаулық мәдениетінің дамуына және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.