2025 жылғы 1 қарашадан бастап Қостанай облысында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» - ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан басталды.
Бір ай бойы аймақтың мектептерінде, медицналық және мәдени мекемелерінде ЖИТС облыстық орталықтың мамандарының қатысуымен кездесулер, дәрістер, акциялар және кеңес берулер өтеді. Барлық тұрғындарды іс шараларға белсенді қатысуға, қорғану жолдары туралы көбірек білуге, АИТВ-ға қатысты аңыздарды жоққа шығаруға және ерікті түрде тестілеуден өтуге шақырамыз. Себебі өз АИТВ-мәртебеңді білу - өзіңді және жақыныңды қорғаудан басталады.
Науқанның басты мақсаты – АИТВ-инфекциясы проблемасына назарларын аударту, АИТВ-мен өмір сүруші адамдарды қолдау және әрқайсымыздың денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, оны түсініп, қамқорлық арқылы өз үлесімізді қоса алатынымзды көрсету.
27 қараша күні «KOSTANAY PLAZA» СОСО-да Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ірі акция өтеді. Акцияға біздің серіктестеріміз Қостанай облыстық қан орталығы мен қалалық емханалар қатысады.
Әр адам АИТВ-ға тегін экспресс-тестілеуден өте алады, резус-факторын анықтап, қан қысымын өлшеп, холестерин мен қант деңгейін тексеруіне, сондай-ақ бойы мен салмағын білуіне болады.
Отбасыңызбен бірге келіңіздер! Бұл – өз денсаулығыңыз туралы көбірек біліп, маңызды әлеуметтік іске қолдау көрсетуге және уақытты пайдалы әрі қуанышты өткізуге керемет мүмкіндік. «Білу – демек өмір сүру!» деп - денсаулық, түсіністік пен қолдауға негізделген қоғамға қадам жасайық!