Қостанай облысының құрметті тұрғындары!
2025 жылғы 27 қарашада сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін «KOSTANAY PLAZA» СОСО-да Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған алдын алу акциясы өтеді.
Акцияға біздің серіктестеріміз Қостанай облыстық қан орталығы мен қалалық емханалар қатысады.
Әр адам өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алып, АИТВ-ға тегін экспресс-тестілеуден өте алады, резус-факторын анықтап, қан қысымын өлшеп, холестерин мен қант деңгейін тексеруіне, сондай-ақ бойы мен салмағын білуіне болады.
Отбасыңызбен бірге келіңіздер! Бұл – өз денсаулығыңыз туралы көбірек біліп, маңызды әлеуметтік іске қолдау көрсетуге және уақытты пайдалы әрі қуанышты өткізуге керемет мүмкіндік.