АИТВ орталықтың диагностикалық зертханасы – мекеменің қызметінің негізін қамтамасыз ететін, оның негізгі бөлімшесі болып табылады. Зертхана ISO 15189 стандарты бойынша аккредиттелген және АИТВ-инфекциясының, вирустық гепатиттердің және мерездің диагностикасын жүргізеді.
АИТВ орталығының басқа да бөлімшелерімен бірге біз халықтың денсаулығын сақтауға және медициналық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған, инфекцияларды анықтау, мониторингілеу және алдын алу бойынша тапсырмаларды орындаймыз.