Аймақта АИТВ-инфекциясына қатысты оңтайлы өзгерістер байқалуда. АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың деректері бойынша 2025 жылғы 31 желтоқсанға инфекция бұрынғыдай облыстың барлық аймақтарында анықталуда, алайда жаңа жағдайлар саны аз тіркелуде. 2025 жылғы 12 айда АИТВ-инфекциясының 172 жағдайы анықталды, ал 2024 жылдың 12 айында – 251 жағдай анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79 жағдайға аз екенін білдіреді.
Бұл адамдардың тестілеуден уақытылы өтуі, медициналық көмекке жүгінуі және тағайындалған емді ұстануы барған сайын артып келе жатқанын көрсетеді.
Бүгінде облыста 2686 АИТВ-мен өмір сүруші адамдар тіркелген. Олардың ішінде балалар да бар, алайда көбі - ересектер. Көптеген пациенттер жылдар бойы белсенді өмір сүріп, жұмыс істейді, отбасын құрып, дәрігерге уақытылы қаралып жатады.
АИТВ ең жиі 15-49 жастағы адамдарда көбірек анықталып жатады. Өйткені бұл жас аралық нағыз белсенді және әлеуметтік маңызы бар кезең болып таылады. Бірақ осы жас аралық тобында жақсару байқалады: 2025 жылдың 12 айында жаңа анықталған жағдайлар өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді.
Алайда жаңа жағдайлар санының төмендеуіне қарамастан, АИТВ әлі анықталатынын түсіну маңызды, демек АИТВ-ның берілу қаупі әлі де сақталуда. Сондықтан күн сайын өз денсаулығыңа қамқор болу екенін ұмытпаған жөн. Үнемі тестілеу, өз жағдайыңа мұқият қарау, қауіпсіз мінез-құлық және уақытылы медициналық көмек – бұл оң динамиканы сақтауға және жағдайды одан әрі жақсартуға көмектесетін шаралар болып табылады.