СПИД орталығы ресми Telegram-ботты іске қосты — бұл сіздің сенімді әрі құпия көмекшіңіз.
Боттың мүмкіндіктері:
* Тексерілген ақпарат: АИТВ туралы фактілерді, алдын алу жолдары мен емдеу әдістерін тікелей мамандардан біліңіз.
* Қызметтер мен байланыс мәліметтері: Жұмыс кестесі, мекенжайлар, тегін және жасырын (анонимді) тест тапсыру туралы ақпарат.
* Анонимді сұрақ: Күрделі жағдайға тап болдыңыз ба немесе күмәніңіз бар ма? СПИД орталығының маманына бот арқылы сұрақ қойыңыз.
Сіздің денсаулығыңыз бен тыныштығыңыз — біздің басты міндетіміз. Жазылыңыз және пайдалы Telegram-ботты қолжетімді жерде сақтаңыз.