Тест нәтижесі теріс - қанда АИТВ-ға антиденелер табылған жоқ немесе ағза әлі жеткілікті антиденелердің мөлшерін шығарған жоқ, сондықтан адам «терезе» кезеңінде болуы мүмкін.
Егер соңғы 3-6 айда қан тапсыруға дейін қауіпті мінез-құлық болмаса, онда адам АИТВ жұқтырмағанына сенімді бола алады.
Күмәнді нәтиже талдауды қайталау керек дегенді білдіреді.
Тест нәтижесі оң - қанда АИТВ-ға антиденелер табылды. Бірақ диагнозды растау үшін ЖИТС орталығында басқа әдістерді қолдана отырып, қайта зерттеп-қарау қажет. Тек ИФТ-ның екі оң талдауынан және иммуноблотты растайтын талдаудан кейін ғана (АИТВ-ның ақуыздарына нақты антиденелерді анықтайды) дәрігер «АИТВ – инфекциясы» диагнозын қоя алады.