Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Қостанай облысы бойынша АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
Қостанай облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша жағдайлардың тіркелуінің төмендеуі байқалады, осылайша 2020 жылғы 12 айында - 332 жағдай  анықталды (аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда - 38,2), ал 2019 жылғы ұқсас кезеңінде - 349 жағдай (аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда – 40,2).
Қостанай облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17 жағдайға төмендеуі байқалады.
Гендерлік белгісі бойынша: ерлер - 67,2% (223), әйелдер – 32,8% (109).
Жас құрамы: 0-14 жас - 0,9% (3), 15-19 жас – 1,2% (4), 20-29 жас – 13,9% (46), 30-39 жас – 42% (140), 40-49 жас – 31,6% (105), 50-59 жас - 8,4% (28), 60 және одан жоғары – 1,8% (6).
Тіркелген АИТВ-инфекциясының жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істемейді – 49,4% (164), жұмыс істейді – 42,2% (140), тергеу-қамауға алынғандар – 4,5% (15), зейнеткерлер – 1,5% (5), мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылмаған балалар - 0,9 % (3), ОАОО, ЖОО–ның оқушылары – 0,6% (2), сотталғандар – 0,3% (1).
2020 жылғы 12 айында анықталған жағдайлар арасында берілу жолдары бойынша:
гетеросексуалдық, жыныстық қатынас - 49,4% (164 жағдай), парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтынған кезде - 37% (123 жағдай), анықталмаған – 7,5% (25 жағдай)
гомосексуальдық – 5,1% (17 жағдай)
вертикальды - 0,6% (2 жағдай)
парентеральдық артифициальдық – 0,3% (1 жағдай)
12 ай ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында алғаш тіркелген жүктілер – 27, жүктілік – 54, босану – 37, аборт – 14.
2020 жылғы 12 айында пенитенциарлық жүйеде – АИТВ-инфекциясының 16 жағдайы анықталды (Қостанай қ.).
Ағымдағы жылда қан донорлары және оның компоненттері арасында АИТВ- инфекциясының - 1 жағдайы тіркелді (Қостанай қ.).
Қостанай облысы бойынша халықты АИТВ - инфекциясының бар болуына скринингілеу – 16,4%-ды (142424 адам), ал 2019 жылғы ұқсас кезеңде – 15,8%-ды (138649 адам) құрады.
Қорытынды:
1. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда Қостанай облысында АИТВ - инфекциясы жағдайларының төмендеуі байқалады  (-17 жағдай).
2. 15-49 жас аралығында АИТВ-инфекциясының таралуы 0,438% құрады, ал ұстау индикаторы кезінде 2020 жылдың соңына - 0,44% құрады.
3. Скрининг ұлғайып, облыс халқының 16,4%-ын (142424 тексерілген адамдар), ал 2019 жылдың ұқсас кезеңінде - 15,8%-ды (138649 адам) құрады.
4. 2020 жылғы 12 айында гетеросексуальдық, жыныстық жолмен– 49,4% (164 жағдай), парентеральдық жолмен, яғни инъекциялық есірткілерді тұтыну кезде екінші орынға ие – 37% (123 жағдай) жетекші берілу жолдары болып табылады.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта