«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК қызметкерлері «АИТВ:әрбірін есту» девизімен, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған кампания шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің «Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларына арналған семинар-тренинг өткізді. Дәрігерлер АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша оқушылардың хабардарлығын кеңейтті.
Іс-шара шеңберінде маман АИТВ –инфекциясын алдын алу әдістері және берілу жолдары туралы айтып берді.
Есірткілік құралдарды пайдаланудың теріс әсері туралы, сонымен қатар ішімдікке салыну туралы хабардар етті.
«Тәуекел деңгейі» тренингі өткізілді.