Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Сипаттама
«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК-да науқастарды қолдау қызметінің комиссиясы жұмыс жасайды.
      Біз Сізге біздің ұйымымыздың медициналық көмекті көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамыз.
     НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ 8 (7142)-39-05-80 нөмірі бойынша жүгіне аласыз, жұмыс кестесі: күн сайын 8 сағат 30 минуттан- 16 сағат 00 минутқа дейін.

2023 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысы бойынша

 АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
2023 жылғы 31 желтоқсанға өсу қорытындысымен республика азаматтары арасында 31 баланы (0-14 жас) қоса алғанда, АИТВ-инфекциясының 3677 жағдайы тіркелді. Қостанай облысында анықталғандардың ішінен кумулятивті қайтыс болды - 1177 адам, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың (тірі) саны – 2500 адам. 100 000 тұрғынға шаққанда таралуы - 300,4% құрайды.
АИТВ-инфекциясының жағдайлары облыстың барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген.
АИТВ-инфекциясы жағдайларының негізгі бөлігі 15-49 жас аралығындағы репродуктивті жасқа келеді және барлық жағдайлардың 90% құрайды (3305 жағдай), 15-49 жас аралығында таралуы 0,582% құрады.
АИТВ-оң арасында гендерлік бөлу бойынша: ерлер - 64% (2354), әйелдер – 36% (1323).
Беру жолдары бойынша 31.12.2023 жылға кумулятивті: гетеросексуальдық жыныстық – 50,5% (1856), парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде – 45,6% (1676), анықталмаған жолы - 1,5% (56), гомосексуальдық жыныстық - 1,5% (54), вертикальды - 0,8% (28), парентеральдық артифициальдық – 0,2% (7).
Жас құрамы: 0-14 жас – 0,8% (31), 15-19 жас - 2,1% (76), 20-29 жас – 26,3% (966), 30-39 жас – 39,2 (1442), 40-49 жас – 22,3% (821), 50-59 жас – 7,1% (261), 60 және одан жоғары – 2,2% (80).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істемейтіндер – 45,4% (1669), жұмыс істейтіндер – 38,2% (1406), тергеудегілер – 10% (369),  сотталғандар - 2,6% (96), зейнеткерлер – 1,5% (56), ОАОО, ЖОО–ның оқушылары - 0,9% (33), мектепке дейінгі жастағы ұйымдастырылмаған балалар – 0,7% (27), анықталмағандар – 0,3% (10), мектеп оқушылары – 0,2% (9), мектепке дейінгі мекеменің оқушылары, балалар – 0,03% (1), мектеп жасындағы ұйымдастырылмаған балалар - 0,03% (1).
Пенитенциарлық жүйеде кумулятивті – АИТВ-инфекциясының 466 жағдайы анықталды, оның ішінде тергеу изоляторында – 370 (79,4%), түзету мекемелерінде – 96 (20,6%).
Қан донорлары мен оның компоненттері арасында АИТВ-инфекциясының - 89 жағдайы анықталды, оның ішінде парентеральдық жолмен берілу арқылы - 11,2% (10). АИТВ-ның трансфузиялық жолмен берілу жағдайлары жоқ.
Д-есепте - 2177 адам тұр, 2023 жылдың желтоқсан айында - 29 адам алынды. АРТ-ны - 2133 адам қабылдайды, оның ішінде – 19-ы бала.


2023 жылғы 12 айдағы Қостанай облысы бойынша
 АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
 
Қостанай облысында 2023 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының 292 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық - 35,1) ал, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде 272 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық - 32,7) анықталды.
Гендерлік белгісі бойынша: ерлер - 66,1% (193), әйелдер – 33,9% (99).
Жас құрамы: 15-19 жас – 0,7% (2), 20-29 жас – 9,9% (29), 30-39 жас – 35% (101), 40-49 жас – 37,7% (110), 50-59 жас-13,7% (40), 60 және одан жоғары – 3,4% (10).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істейтіндер – 55,8% (163) жұмыс істемейтіндер – 32,9% (96), анықталмағандар – 0,7% (2), тергеудегілер – 7,2% (21), зейнеткерлер – 1,7% (5), сотталғандар - 1% (3), ОАОО және ЖОО–ның оқушылары - 0,7% (2).
2023 жылдың 12 айында анықталған жағдайлар арасында берілу жолдары бойынша:
гетеросексуальдық, жыныстық - 68,2% (199);
парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде – 28,8% (84);
анықталмаған - 1,4% (4);
гомосексуальдық, жыныстық - 1,7% (5) құрады.
2023 жылдың 12 айында пенитенциарлық жүйеде – АИТВ-инфекциясының 24 жағдайы анықталды.
2023 жылдың 12 айында АӨА арасында алғаш тіркелген жүкті әйелдер– 10, жүктілік – 32, босану – 21, аборт – 11.
2023 жылдың 12 айында қан донорлары мен оның компоненттері арасында АИТВ-инфекциясының 2 жағдайы тіркелді.
2023 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша халықты АИТВ-инфекциясының бар болуына скринингілеу - 23,3% (194239 адам), ал 2022 жылдың ұқсас кезеңінде - 19,4% (166365 адам) құрады.
 
Қорытынды:
1. 2023 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 292 жағдайы тіркелді;
2. 15-49 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының таралуы - 0,582% құрады;
3. 2023 жылдың 12 айында берілудің жетекші жолы гетеросексуальдық, жыныстық болып табылады – 68,2% (199 жағдай).
4. АИТВ-инфекциясына халықты скринингілеу көрсеткіші 23,3% (194239) құрайды.

 


Қызметтеріміз:
- АИТВ-ға алғашқы тексеру (ересектер мен балалар) және тестілеу нәтижелерін растау
- Пациенттің денсаулық жағдайын клиникалық бағалау: зертханалық зерттеулер (иммундық мәртебесі, вирустық жүктемені анықтау, шартты патогенді инфекциялардың диагностикасы, қанның биохимиялық және клиникалық талдаулары)
- Антиретровирустық препараттармен емдеу (себебін анықтап өзіндік емдеу),
-  Шартты патогенді инфекциялардың, басқа да ілеспе аурулардың алдын алу және емдеу
- АИТВ-ның анадан балаға берілуінің ретровирусқа қарсы алдын алуды жүргізу
- Өмір бойы диспансерлеу (пациенттің денсаулық жағдайын динамикада бақылау)
- Құпиялылық принциптерін ескере отырып, анықталған ілеспелі аурулардың бейініне сәйкес жалпы емдеу желісі ұйымдарына жіберу
- Кеңес беру, психологиялық қолдау
Сонымен қатар ЖИТС ОО-да Достық кабинеті жұмыс істейді, онда халықтың осал топтарына тегін және жасырын негізде ЖЖБИ диагностикалау және емдеу, сондай-ақ өтініш білдіргендерді мүшеқаптармен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Мұнда мамандандырылған, білікті медициналық көмек алу үшін тері-венерологиялық және басқа да медициналық ұйымдарға жолдама алуға болады.
АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмекті заң кеңесшісі көрсетеді. Сонымен қатар ЖИТС ОО жанында 2 білікті психолог, педагог, журналист, 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 
Облыста қызмет көрсетеді:
- 42 жасырын тестілеу кабинеті
- 40 психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті. ПӘК кабинеттерінің мамандары АИТВ/ЖИТС бойынша тестіге дейінгі және кейінгі сапалы кеңестер береді, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупінің деңгейін бағалауды жүзеге асырады, АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық пен дағдыларға үйретеді.
- 11 сенім пункті: 9 стационарлық (8 - ЕПҰ жанында, 1 - ЕПҰ-дан тыс) және 2 мобильді. Стационарлық сенім пункттері Қостанай қ. бойынша 4 жерде бар: Рудный қ. - 2: Қашар қ.ү.а. - 1, Қарабалық ауданында - 1, Лисаковск қ. - 1. Сенім пункттерінде медицина және әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ 15 аутрич - қызметкер – халықтың осал топтарынан немесе "тең-теңімен" қағидаты бойынша жұмысқа тәуелді адамдар жұмыс істейді.
ОО жанында тиімді оқыту үшін қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған 50 орындық заманауи ресурстық орталық жұмыс істейді. Облыстық ЖИТС орталығы бес автокөлікпен жабдықталған.


ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығының бөлімшелері:
• Эпидемиология бөлімі
• Емдеу-алдын алу бөлімі
• Профилактикалық жұмыстар бөлімі
• Диагностикалық зертхана
• Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта