АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР
Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21559 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021559
2020 жылғы 7 шілдедегі №360- VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
Ақылы қызметтер медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы тұлғалар (бұдан әрі – пациенттер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Ақылы қызметтер пациенттерге мынадай жағдайларда көрсетіледі:
1) олардың бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандарға жолдамай медициналық көмек көрсету;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету;
3) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін және (немесе) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық зерттеулер жүргізу;
5) санаторийлік - курорттық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделмеген және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемінен тыс медициналық зерттеп-қарау;
8) шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
9) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК медициналық қызмет көрсетуге арналған
2024 жылға баға прейскуранты
№ |
Қызметтің атауы |
Мерзімі |
Өлш.бірлігі |
Бағасы
теңге |
ИФТ |
1 |
Қан сарысуындағы Treponema pallidum-ға (трепонема паллидум) сомалық антиденені ИФТ әдісімен анықтау |
3 жұмыс күніне дейін |
1 зерттеу |
1500 |
2 |
ИФТ-әдісімен қан сарысуында HBsAg анықтау |
3 жұмыс күніне дейін |
1 зерттеу |
1500 |
3 |
ИФТ-әдісімен қан сарысуында C гепатитының вирусына сомалық антиденелерді анықтау |
3 жұмыс күніне дейін |
1 зерттеу |
1500 |
Медициналық қызметтерге ақы төлеу кезінде жеңілдікті пайдалана алады:
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және оған теңестірілгендер-100%
- 1,2,3 топтағы мүгедектер - 50%
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көп балалы аналар - 50%
- 18 жасқа дейінгі балалар -50%
Ақылы медициналық қызмет көрсету кестесі: сағ. 8.30-дан 16.00-ге дейін
«Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК қолдау қызметі мен ішкі аудиттің байланыс телефоны – 8(7142)370590
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ байланыс телефоны – 8(7142)390506