2024 жылдың 6 айына Қостанай облысы бойынша
АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы
Қостанай облысында 2024 жылдың 6 айында АИТВ-инфекциясының 141 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық - 17,0) анықталды, ал 2023 жылдың осы кезеңінде - 145 жағдай болды.
Гендерлік белгісі бойынша: ерлер - 63,1% (89), әйелдер – 36,9% (52).
Жас құрамы: 20-29 жас – 5,7% (8), 30-39 жас – 40% (28), 40-49 жас – 47,7% (63), 50-59 жас - 14,2% (20), 60 және одан жоғары – 7,1% (10).
Тіркелген АИТВ-инфекциясының жағдайларын әлеуметтік - кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істейтіндер – 59,6% (84) жұмыс істемейтіндер – 29,8% (42), тергеудегілер – 3,5% (5), зейнеткерлер – 3,5% (5), сотталғандар – 3,5% (5).
2024 жылдың 6 айында анықталған жағдайлар арасында берілу жолдары бойынша:
гетеросексуалдық, жыныстық - 77,3% (109);
парентеральды, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде – 22,% (31);
гомосексуалдық, жыныстық - 0,7% (1) құрады.
2024 жылдың 6 айында пенитенциарлық жүйеде – АИТВ-инфекциясының 10 жағдайы анықталды.
2024 жылдың 6 айында АӨА арасында алғаш тіркелген жүкті әйелдер– 8, жүктілік – 20, босану – 10, аборт – 7.
2024 жылдың 6 айында қан донорлары мен оның компоненттері арасында АИТВ-инфекциясының 3 жағдайы тіркелді (берілу жолы гетеросексуалдық жыныстық).
2024 жылдың 6 айында Қостанай облысы бойынша халықты АИТВ-инфекциясының бар болуына скринингілеу - 12,8% (106057 адам) құрады, ал 2023 жылдың осы кезеңінде - 11,7% (97663 адам) болды.
Қорытынды:
1. 2024 жылдың 6 айында Қостанай облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 141 жағдайы тіркелді;
2. 15-49 жас аралығында АИТВ-инфекциясының таралуы - 0,60% құрады;
3. 2024 жылдың 6 айында берілудің жетекші жолы гетеросексуалдық жыныстық болып табылады – 77,3% (109 жағдай).
4. АИТВ-инфекциясына халықты скринингілеу көрсеткіші 12,8% (106057) құрайды.
2022 жылғы 31 желтоқсанға Қостанай облысы бойынша АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
2022 жылғы 31 желтоқсанға өсу қорытындысымен республика азаматтары арасында 31 баланы қоса алғанда, 3386 АИТВ-инфекциясының жағдайы тіркелді. Қостанай облысында анықталғандардың ішінен кумулятивті - 1041 адам қайтыс болды, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың (тірі) саны – 2345 адам. 100 000 тұрғынға шаққанда таралуы - 273,4% құрайды.
АИТВ-инфекциясының жағдайлары облыстың барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерінде тіркелген.
100 000 тұрғынға шаққанда ең жоғары таралу көрсеткіштері Қостанай- 418,4 (1586 жағдай), Рудный – 363,9 (679 жағдай), Лисаков – 342 (191 жағдай) қалаларында және Б.Майлин – 247,1 (76 жағдай), Қостанай – 237,7 (225 жағдай) және Денисов – 215,3 (53 жағдай) аудандарында байқалды.
АИТВ-инфекциясы жағдайларының негізгі бөлігі 15-49 жас аралығындағы репродуктивті жасқа келеді және барлық жағдайлардың 91,3% құрайды (3063 жағдай), 15-49 жас аралығындағы таралуы 0,514%, ұстау индикаторы кезінде 0,55% құрады.
АИТВ-оң арасында гендерлік бөлу бойынша: ерлер - 63,9% (2162), әйелдер – 36,1% (1224).
Беру жолдары бойынша 31.12.2022 жылға кумулятивті: гетеросексуалдық жыныстық қатынас - 48,8% (1653), парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде - 47% (1592), анықталмаған жолы - 1,7% (57), гомосексуальдық жыныстық - 1,4% (49), вертикальды - 0,8% (28), парентеральдық артифициальдық – 0,2% (7).
Жас құрамы: 0-14 жас – 0,8% (31), 15-19 жас - 2,2% (74), 20-29 жас – 27,7% (937), 30-39 жас – 39,6 (1341), 40-49 жас – 21% (711), 50-59 жас – 6,6% (222), 60 және одан жоғары – 2,1% (70).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істемейтіндер – 46,5% (1575), жұмыс істейтіндер – 36,6% (1238), тергеудегілер – 10,3% (348), сотталғандар - 2,7% (93), зейнеткерлер – 1,5% (51), ОАОО, ЖОО–ның оқушылары - 0,9% (31), ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі жастағы балалар – 0,8% (27), белгісіз – 0,4% (12), мектеп оқушылары – 0,3% (9), мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемесі – 0,003% (1), ұйымдастырылмаған мектеп жасындағы балалар - 0,003% (1).
Пенитенциарлық жүйеде кумулятивті – АИТВ-инфекциясының 442 жағдайы анықталды, оның ішінде тергеу изоляторында – 349 (79%), түзету мекемелерінде – 93 (21%).
Қан донорлары мен оның компоненттері арасында АИТВ-инфекциясының - 87 жағдайы анықталды, оның ішінде парентеральдық жолмен берілу арқылы - 11,5% (10). АИТВ-ның трансфузиялық жолмен берілу жағдайлары жоқ.
Д-есепте - 2012 адам тұр, 2022 жылдың желтоқсан айында - 51 адам алынды. АРТ - 1932 адам қабылдайды, оның ішінде – 19-ы бала.
Кумулятивті 641 жүктілік тіркелген, алғаш рет анықталған АИТВ жүкті әйелдер - 364, босану – 372, аборт – 263.
2022 жылғы 12 айдағы Қостанай облысы бойынша АИТВ-инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдай
Қостанай облысында жағдайлардың тіркелуінің төмендеуі байқалады, 2022 жылдың 12 айында АИТВ-инфекциясының 272 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда 31,7 аурушаңдық) ал, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 284 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда 33,1 аурушаңдық) анықталды.
Қостанай облысында 2022 жылдың 12 айында 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда АИТВ-инфекциясының 12 жағдайына төмендегені байқалады.
Гендерлік белгісі бойынша: ерлер - 64,7% (176), әйелдер – 35,3% (96).
Жас құрамы: 0-14 жас – 0,4% (1), 15-19 жас – 0,7% (2), 20-29 жас – 11,4% (31), 30-39 жас – 30% (82), 40-49 жас – 38,2% (104), 50-59 жас-13,2% (36), 60 және одан жоғары – 5,9% (16).
АИТВ-инфекциясының тіркелген жағдайларын әлеуметтік-кәсіптік топтар бойынша бөлу: жұмыс істейтіндер – 52,6% (143) жұмыс істемейтіндер – 35,7% (97), белгісіз – 2,2% (6), тергеудегілер – 4% (11), зейнеткерлер – 3,7% (10), ОАОО, ЖОО–ның оқушылары - 0,7% (2), ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі жастағы балалар – 0,4% (1).
2022 жылдың 12 айында анықталған жағдайлар арасында берілу жолдары бойынша:
гетеросексуальдық, жыныстық қатынас - 58,8% (160);
парентеральдық, инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде - 36% (98);
белгісіз - 3,3% (9);
гомосексуальдық - 1,1% (3);
парентеральдық, артифициальдық медициналық емес – 0,4% (1);
вертикальды – 0,4% (1).
2022 жылдың 12 айында АӨА арасында жүкті әйелдер алғаш рет – 12, жүктілік – 33, босану – 25, аборт – 14 тіркелді.
2022 жылдың 12 айында пенитенциарлық жүйеде – АИТВ-инфекциясының 14 жағдайы анықталды.
2022 жылдың 12 айында қан донорлары мен оның компоненттері арасында АИТВ-инфекциясының - 5 жағдайы тіркелді.
Қостанай облысы бойынша халықты АИТВ- инфекциясының бар болуына скринингілеу - 19,6% (167913 адам), ал 2021 жылдың ұқсас кезеңінде - 18,9% (162270 адам) құрады.
Қорытынды:
1. 2022 жылдың 12 айында Қостанай облысы бойынша 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 12 жағдайға төмендеуі байқалады;
2. 15-49 жас аралығындағы АИТВ-инфекциясының таралуы 0,514% деңгейінде ұсталды, 2022 жылдың соңына ұстау индикаторы кезінде - 0,55%;
3. 2022 жылдың 12 айында берілудің жетекші жолы гетеросексуалдық, жыныстық – 58,8% (160 жағдай) болып табылады.
4. АИТВ-инфекциясына халықтың скринингтік көрсеткіші 19,6% (167913) құрайды.