Қалалықтар осы бір мамыр айының кешінде орталық саябақтан тірі жанды әуенді естіп, қатты таң қалған болар. Бұнда облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арнап, рок-концерт ұйымдастырып өткізді.
Қостанайлықтарға денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Анжела Бексултанова, "Путь здоровья -1" ҚБ төрағасы Петр Томиловский, ЖИТС ОО-тың бас дәрігердің м.а. Марат Кузембаев сөз сөйледі және де "Әлем жастар көзімен" фото-конкурстың жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады.
Және де осы саябақта АИТВ-ға экспресс-тестілеу үшін пункт жұмыс жасады. Осы кеште "Interdance" би ұжымы, рок-топтар: "Другая реальность", "Коллектив 63", "Территория Ра", "Чакры Чо...", Дмитрий Говороков пен Наталья Зкора солистері өз өнерлерін көрсетті. Ауа-райының келеңсіз жағдайларына қарамастан жас әртістер жиналғандарға жылу мен түсінушілікті сыйлады, және де ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды бүкіл әлемде есіне алатындарын жеткізе білді.