2023 жылғы 14 ақпанда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде ЖИТС ОО қызметкерлері «Қауіпсіздік - бұл ең алдымен жауапкершілік» ұранымен барлық ғашықтар күніне орайластырылған кең ауқымды акция өткізді.
Студенттер «АИТВ туралы мен не білемін» викторинасына белсенді қатысып, жедел тестілеуден өтті.
Іс шара аясында 425 студент өз АИТВ мәртебесін білді!