Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының инфекционист дәрігері – Әлібек Ермагамбетов «Алау» телеарнасының «Оятқыш» бағдарламасына сұхбат берді. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – АИТВ-ның қалай жұғатыны және инфекцияның алдын алу жолдары туралы білім мен хабардарлықты кеңінен тарату.