- «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-да (ХҚКО) ЖСН алу.
- Жеке сақтандыру компаниясымен Ерікті Медициналық Сақтандыру (ЕМС) немесе бастапқы медициналық-санитарлық және шұғыл стационарлық көмек алуға жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) шартын жасау.
- Шетел азаматтарымен МС немесе ЖМС рәсімдеусіз ҚР Еңбек кодексі бойынша еңбек шарты жасалмайды.
- Қызмет көрсетуді қалайтын медициналық мекемені таңдау (БМСК).
- Тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жер бойынша БМСК ұйымына бекітілуі үшін, кепілдікті тегін медициналық көмектің көлемі (КТМКК) шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсатында электрондық-сандық қолтаңба болған жағдайда https://egov.kz порталы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» мемлекеттік қызметі іске асырылған.
- Өтінімді ЕМС, қазақ немесе орыс тіліндегі еркін нысандағы өтінішті және жеке басты куәландыратын құжатты (төлқұжатты) ұсынып, емхана ұйымының бірінші басшысының атына жазбаша нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуге тікелей жүгінген кезде беруге болады.
- БМСК ұйымының мамандары «Бекітілген халықтың тіркелімі» ақпараттық жүйесіне бекітуге сұрауды рәсімдейді.
- «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекітілу» мемлекеттік қызметі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі бекіту туралы хабарлама немесе https://egov.kz порталында «Жеке кабинеттегі» электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады, егер сіз порталды немесе медициналық ұйымға бекітілу талонын қолсансаңыз/егер сіз өзіңіз БМСК-ке жүгінсеңіз, медициналық ұйымдағы тіркеуші беретін дәлелді бас тарту.
- БМСК ұйымына бекіту ЕМС немесе ЖМС шарты әрекет ететін мерзімге жүзеге асырылады.
- Отбасы мүшелерін бекіту ЕМС шартын және жеке басын куәландыратын құжатты немесе әрбір отбасы мүшесі үшін сандық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде, қазақ немесе орыс тіліндегі ерікті нысандағы өтініштің негізінде отбасы мүшелерінің бірінің жазбаша келісімі болған кезде жүзеге асырылады.
- Он сегіз жасқа толмаған баланы бекіту бекітілетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) болған кезде жүргізіледі.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасына уақытша келетін адамдар, баспана іздейтін адамдар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9.10.2020 ж. №121/2020 бұйрығына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін алуға құқығы бар, қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулар тізбесі
№ | Аурудың атауы |
1. | Дифтерия |
2. | Қызылша |
3. | Қызамық |
4. | Көкжөтел |
5. | Жәншау |
6. | Желшешек |
7. | Эпидемиялық паротит |
8. | А, В, С паратифтері |
9. | Полиомиелит |
10. | Менингококтық жұқпа |
11. | Тырысқақ |
12. | Іш сүзек |
13. | Туберкулез (туберкулез микобактериясының болуына қақырық жағындысының екі есе конверсиясына жеткенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; туберкулездің жедел үдемелі түрлері (менингит, милиарлы туберкулез) науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға жеткенге дейін және туберкулез микобактериясының болуына қақырық жағындысының екі есе конверсиясына жеткенге дейін) |
14. | Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (ауру) |
15. | Түйнеменің өкпелік түрі |
16. | Оба |
17. | Вирустық геморрагиялық безгектер |
18. | Сары безгек |
19. | А. Е вирустық гепатиттері |
20. | Безгек |
21. | Вирустың жаңа кіші түрімен туындайтын адам тұмауы |
22. | Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) |
23. | Коронавирустық инфекция |
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасына уақытша келетін адамдар, баспана іздейтін адамдар тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемін алуға құқығы бар медициналық көмек көлемі
№ |
Медициналық қызметтердің атауы | Медициналық көмектің көлемі |
Консультациялық қабылдау | ||
1 | Терапевт | Жылына 2 рет |
2 | Педиатр | Жылына 1 рет |
4 | Хирург | Жылына 1 рет |
5 | Инфекционист | Жылына 1 рет |
6 | Офтальмолог | Жылына 1 рет |
7 | Гастроэнтеролог | Жылына 1 рет |
8 | Оториноларинголог | Жылына 1 рет |
9 | Пульмонолог | 6 айда 1 рет |
10 | Психиатр | 6 айда 1 рет |
11 | Рентгенолог (рентгенограмманы 2 рет оқу) | 6 айда 1 рет |
Зертханалық диагностика | ||
12 | Шұғыл әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау | Жылына 1 рет |
13 | Шұғыл әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау | Жылына 1 рет |
14 | Жасушалардың 3 класын саралау арқылы талдағышта жалпы қан талдауы | Жылына 1 рет |
15 | Қол әдісімен несепті жалпы клиникалық зерттеу (жалпы несеп талдауы) | Жылына 1 рет |
16 | БК-да қол әдісімен қақырықтың бактериоскопиясы | Жылына 1 рет |
Ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностика | ||
17 | Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек) | Жылына 1 рет |
18 | Кеуде қуысын шолу рентгенографиясы (1-проекция) | 6 айда 1 рет |
19 | Электроэнцефалография | Жылына 1 рет |