Рудный қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. «Денсаулық жолы-1» ҮЕҰ Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Халықтың негізгі топтарында АИТВ-ның алдын алу шараларын өткізу» жобасын жүзеге асырды.
«Денсаулық жолы» ҮЕҰ басшысы Лазат Томиловская журналистерге ҚГН (халықтың негізгі топтары) аумағында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Ұйымдастыру әдістемесі бөлімінің меңгерушісі Нағима Ташетова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «ҚАУАМДАҒА КӨШБАСШЫЛЫҚ!» ұранымен өтетін онкүндік аясындағы іс-шаралар туралы баяндады.