Барлық медицина қызметкерлері үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің мәселелері өзекті. Стигмаға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және халықтың негізгі топтарын кемсітуге қарсы тұру басым маңызға ие.
2023 жылы «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК дәрігерлері келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарында медицина қызметкерлерін оқыту үшін тренер ретінде даярлықтан өтті:
• «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу»;
• «АИТВ-инфекциясы мен жанамалас ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу»;
• «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды және жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарының стигмасы және кемсітушілік».
Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасының 5, 6-бөлімдерін орындау үшін, 2024 жылы аталған тақырыптар бойынша барлық мамандықтағы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша оқыту қарастырылған.