Тұрақты жақын қарым-қатынаста болатын адамдардың көпшілігі үшін презерватив контрацепцияның қолжетімді әдісі болып табылады. Презервативті пайдалану АИТВ және басқа жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан (ЖЖБИ), сондай-ақ қажетсіз жүктіліктен қорғайды.
Дұрыс пайдаланған кезде презерватив әйелдерге де, ерлерге де алдын-алудың дәлелденген және тиімді құралы болып табылады.
Есіңізде болсын, мүшеқапты міндетті түрде қолдану сіздің денсаулығыңызды ғана емес, серіктесіңіздің де денсаулығын сақтауға көмектеседі.