Қостанай облыстық ЖИТС орталығында өңірдегі медициналық ұйымдардың сенімді дәрігерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарда келесі тақырыптар қарастырылды:
1. Қостанай облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай. Аудандар мен МҰ бөлінісінде АИТВ-ның алдын алу бойынша жұмыс. ЖИТС қызметінің негізгі көрсеткіштері.
2. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша қолданыстағы НҚА.
3. АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу. Балалардағы АИТВ-инфекциясы ағымының ерекшеліктері, жағдайларды талдау. Антиретровирустық терапияны ұстану бойынша жұмыс.
4. АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы пациент пен МҰ арасындағы қатынастарды реттеудің нормативтік-құқықтық аспектілері.
5. МККБИ алдын алу және инфециялық қауіпсіздік, сонымен қатар байланыстан кейінгі алдын алу.
6. АИТВ инфекциясының диагностикасы. ҚР алгоритмі. АИТВ-ға зерттеу үшін биоматериалды жинау сапасына және бағытына қойылатын талаптар. АИТВ диагностикасының ерекшеліктері.
Өткізілген іс-шара шеңберінде ЖИТС ОО бас дәрігерінің м.а. А.Г. Чижков АИТВ-ның алдын алу саласындағы жемісті ынтымақтастығы және индикаторларға қол жеткізгені үшін сенімді дәрігерлер мен облыстың бірқатар МҰ алғыс хаттармен марапаттады.