Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының базасында облыстағы медицина қызметкерлеріне келесі тақырыптар бойынша облыстық оқыту семинары өткізілді:
1. АИТВ инфекциясының диагностикасы. ҚР алгоритмі. АИТВ-ға зерттеу үшін биоматериалды жинау және бағыттау сапасына қойылатын талаптар. АИТВ диагностикасының ерекшеліктері.
2. Оң және теріс бақылауларды пайдалана отырып, IV буын экспресс-тесттерін қою әдістемесі.
3.IV буын тест-жүйелерін қолдана отырып, экспресс-тестілеуді қою әдістемесі бойынша практикалық дағдыларды пысықтау.
4. ПТР әдісімен АИТВ-ның провирустық ДНҚ-сын анықтау үшін КҚҚТ үлгілерін алу, сақтау және тасымалдау ережелері. Капиллярлық қанның құрғақ тамшысын алу әдісін көрсету.
АИТВ-ға жылдам тестілерді қолдана отырып манипуляция жасау барысында жедел тестілеуді қоюдың дұрыс әдістемесі және нәтижені дұрыс түсіндіре білу маңызды рөл атқарады. АИТВ-ның нәтижесі жүргізілген зерттеудің сапасына тікелей байланысты.
Мастер-класқа қатысқан қызметкерлердің міндеті алған тәжірибелерін өз медициналық ұйымдарындағы әріптестеріне жеткізуге және оқытуға бағытталған.