8-11 қазанда Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мониторингтік тобы Қостанай облысында болды.
Сапардың мақсаты - АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша эпидемияға қарсы, профилактикалық, диагностикалық іс-шараларды жүргізу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, халықтың негізгі топтарына медициналық қызметтер көрсету, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, АИТВ-ның анадан балаға берілуі жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау.
Сапар барысында дәрігерлер «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК перзентхана бөлімшесіне, №2 және №4 қалалық емханаларға, «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК барды.
Мамандар Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына әдістемелік көмек көрсетіп, қызметтің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.