Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Білгеніңнен білерің көп!
Қостанай облысында «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» Жол картасын бекіту туралы ҚР ДСМ 2023 жылғы 16 наурыздағы №155 Бұйрығын орындау үшін, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтарын стигма мен кемсітушілік тақырыбы бойынша орта медицина қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.  
Оқыту «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК-ның базасында өтті. Тренерлер ұйымдастыру – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Н.Ташетова және эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Н.Кравцова сөз сөйледі.  
Біліктілікті арттыру курсына Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарынан қызметкерлер жиналды, бұл тәжірибе алмасуға ықпалын тигізді.
5 күндік оқу барысында келесі мәселелер қаралды:
 - Әлемде және Қазақстанда АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ның пайда болу этимологиясы;
         - АИТВ-инфекциясының алдын алу. Берілу жолдары;
 - Құқық пен жауапкершілік;
- Стигма және кемсітушілік;
- Кеңес берудің жалпы принциптері. Қажетті дағдылар;
- АИТВ-инфекциясы кезіндегі әлеуметтік-психологиялық бейімделу;
- Қарым-қатынас дағдылары;  
- АИТВ кезіндегі апаттық жағдайлар.
Теориялық сабақтар практикамен бекітіліп, медициналық ұйымдардың қызметкерлері алған жаңа білімдерін қолдана білді.
Оқыту циклін «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК-ның бас дәрігері М.Кузембаев «Бұл оқыту негізгі топтарды да, жалпы халықты да қоса алғанда, барлық топтар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы білімді кеңейтуге ықпал етеді. Болашақта біліктілікті арттырудың барлық үш циклі бойынша АИТВ – инфекциясы туралы алынған білім - АИТВ-ға қарсы күресте, облыстағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруда, республикалық индикаторларға қол жеткізудің тетіктерінің бірі болады», - деп қорытындылады.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта