Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға үшін COVID-19 алдын алу ережелері
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін COVID-19 алдын-алу ережелері АИТВ-сыз өмір сүретін адамдармен бірдей екенін білу маңызды.
COVID-19 жұқтырудың алдын алу үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдар мен халықтың негізгі топтары алдын-алудың негізгі шараларын ұстануы керек.
  • Қолды сабынмен және сумен (40-60 секунд ішінде) немесе спиртті негіздегі қолға арналған дезинфекциялық құралмен (20-30 секунд ішінде) жиі жуу.
    • Компьютер пернетақтасы мен ұялы телефонды спиртті негіздегі дезинфекциялық құралмен өңдеу.
  • Адамдар көп жиналатын және қоғамдық орындардан аулақ болу.
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды шынтағыңызбен немесе майлықпен жабу. Майлықты қолданғаннан кейін бірден тастау.
      •     Қызуы, ыстығы немесе жөтелі бар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасаудан аулақ болу.
       •    Егер ауырған болсаңыз, онда үйде қалыңыз.
  • Жануарлардан алынатын өнімдерді мұқият жылу өңдеуден өткізу.
  • Жиі ылғалды жинау және үй-жайларды желдету керек.
 
 
COVID-19 кезінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін емдеуді алу ережелері
 
  • Қазақстанда ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу жөніндегі барлық қалалық және облыстық орталықтар әдеттегі режимде жұмыс істейді, телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы өз дәрігеріңізбен байланыса алатыныңызға көз жеткізіңіз.
  • Егер Сізге АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылса және/немесе Сіз әлі де антиретровирустық терапияны қабылдамасаңыз, онда Сізге АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес толық көлемде медициналық көмек көрсетілетін болады.
  • Дәрігер-инфекционистің жоспарлы тексерулері мен СД4 және вирустық жүктемеге клиникалық-зертханалық зерттеулерді төтенше жағдай аяқталғанға дейін кейінге қалдыруға болады.
  • Антиретровирустық терапия қабылдауда үзілістің болмағаны маңызды, егер  антиретровирустық препараттар бітіп қалса, онда өңірлік орталыққа уақтылы барыңыз – ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтардың қызметкерлері Сізге препараттарды 1-3 айға береді.
  • Егер Сіз шалғай ауданда болсаңыз, онда антиретровирустық препараттар Сіздің қалауыңыз бойынша курьер және/немесе жауапты дәрігер арқылы жеткізілуі мүмкін, осы мәселені шешу үшін телефон арқылы емдеуші дәрігермен хабарласыңыз.
 
Егер Сізде қызу, құрғақ жөтел және тыныс алу қиын болса, тәулік бойы Call-орталыққа 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз және өз симптомдарыңыз туралы айтып беріңіз.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта