ЖИТС ОО диагностикалық зертханасы ТЖ жағдайына қарамастан әдеттегі режимде жұмысын жалғастыруда.
ҚР-да қолданыстағы АИТВ-инфекциясының бірыңғай кезеңдік диагностикасына және ҚРСТ ISO 15189-2015 стандарттың талаптарына сәйкес зертханалық процедуралардың сапасына сәйкес АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасы жүргізіледі.
АИТВ-инфекциясына, В, С вирустық гепатиттеріне иммуноферменттік талдау әдісімен скринингтік зерттеулер жүргізу.
Диспансерлік есепте тұрған АИТВ-жұқтырғандарға оппортунистік инфекциялардың, мерездің ИФТ диагностикасы;
Зерттеулердің сапасын зертханаішілік бақылау және зерттеулердің сапасын сырттай бағалауға қатысады (Ұлттық бағдарлама және Халықаралық бағдарлама);
АРТ-терапияның тиімділігін мониторингілеу үшін қандағы АИТВ 1 вирусын ПТР әдісімен сандық анықтау;
АИТВ-жұқтырғандардың иммундық жағдайын бағалау үшін ағынды цитометрия әдісімен СД4 анықтау;
Диспансерлік есепте тұрған АИТВ-жұқтырғандарға жалпы клиникалық, гематологиялық зерттеулер;
АИТВ-ға зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру, қан сарысуының оң үлгілерін мұрағаттау.
Зерттеулер номенклатурасына сәйкес зертханада зерттеулердің 20-дан астам түрі жүргізіледі.