Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Ақпараттық пост
Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясы кезінде, карантинді енгізу және өзін-өзі оқшаулау салдарларынан АИТВ бойынша халықтың негізгі топтары (АӨА, ИЕТТ, ЛГБТ, СҚ және транс*адамдар) физикалық жағынан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да осал болып келеді. Ұзақ уақыт оқшаулауда болу, қалада еркін жүру мүмкіндігін шектеу, туыстарымен және жақындарымен қарым-қатынасты шектеу психологиялық проблемалардың туындауына себепкер болуы мүмкін. Мазасыздық, депрессия және жабырқаушылық АИТВ бойынша негізгі топтардағы адамдардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді. Пандемия кезінде халықтың негізгі топтарын психологиялық көмекпен және қолдаумен қамтамасыз ету өте маңызды!
            Халықтың негізгі топтарына психологиялық көмек көрсету және қолдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) қаржылық қолдауымен және ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми институтының техникалық қолдауымен www.key-help.mentalcenter.kz. сайтын құрды. Бұл сайтта Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап ала аласыз, сонымен қатар өтінімді алдын-ала қалдыра отырып, психологтың немесе психотерапевтің онлайн-кеңестерін алуға болады. Өтініш берушіге сілтеме көрсетілген СМС келеді, сол бойынша келісілген уақытта маманмен байланысқа шығуға болады.
Сайтты әзірлеуге ЖИТС сервистік үкіметтік емес ұйымдары, ЖИТС-пен өмір сүретін адамдармен, ИЕТТ, ЛГБТ, СҚ және транс*қоғамдастықпен жұмыс істейтін халықтың негізгі топтарының өкілдері қатысқанын атап өту маңызды. Біз сайтта ұсынылған ақпарат, сондай-ақ психологиялық консультациялар мен қолдау пайдалы және уақтылы болады деп үміттенеміз.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта