«Өз АИТВ-мәртебеңді білу не үшін маңызды?» осындай тақырыппен қалалық «Рассвет» радиосында дәрігер-эпидемиолог Айнур Жасубиева сөз сөйледі.
АИТВ-инфекциясы-адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру. Вирус иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде иммундық жүйенің жұмысы әлсіреп, жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) дамиды, науқастың ағзасы инфекциялар мен ісіктерден қорғану мүмкіндігін жоғалтады, қайталама оппортунистік аурулар пайда болады, олар әдетте өлімге әкеліп соғады.
АИТВ – бұл вирус, ол ағзада ондаған жылдар бойы ешқандай белгілерсіз болуы мүмкін. Тіпті Сіз өзіңізді сау сезінсеңіз де, бұл сіздің ағзаңыздағы вирустың болмауына кепілдік бермейді.
Өз АИТВ-мәртебесін білмеудің салдары өте күрделі. Қажетті емделусіз, белгілі бір уақытта ағзаның қарсыласуы соншалықты төмен болады, содан кейін адамда ЖИТС дамуы мүмкін.
Дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындай отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және толыққанды өмір сүре алады, дені сау балалары болады және басқа адамдарға қауіп төндірмейді.