Облыстық ЖИТС орталығының маманы Сауле Нурмаганбетова «Жасыл Ел» еріктілеріне дәріс өткізді.
Жастар алдында өз сөзінде ол аумақты тазарту, жинау кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлар туралы және мұндай жағдайлар орын алған болса, жасалатын әрекеттер алгоритмі туралы айтты.
• қолғапты дереу шешу;
• қолыңызды сабынмен ағынды судың астында жуу (ағынды су астында қанның жарадан еркін ағып кетуіне немесе жарадан қанды аздап сығуға мүмкіндік беріңіз);
• қолды 70% спиртпен өңдеу;
• жараның шеттеріне 5% йод ерітіндісін жағу;
• зақымдалған жерлерді жабысқақпен жабу.
• қажет болған жағдайда ЖИТС орталығына жүгіну.