«Ескертілгенің, демек қаруланғаның!» - осындай атаумен акция Рудный қаласында өтті.
Облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың дәрігерлері орталық базарда халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дұрыс ақпарат - бұрыс қылықтардан аулақ болуға ғана емес, сонымен қатар өзіне және басқа адамдарға дұрыс көзқарасты қалыптастырады.