Бүгін медицина қызметкері күні қарсаңында Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың үздік мамандары аталып, денсаулық сақтау Басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен бас дәрігердің м.а. А.Чижков құттықтап, осы қиындау кезеңде денсаулық, шыдамдылық, отбасылық амандық пен оптимизм тіледі.