Көбінесе көптеген адамдар өздеріне қатысты айыптаудан қорқады, жастар медициналық мекемелерді сыртынан айналып өтіп, өздерін біреулер көріп қалады, дұрыс түсінбей қалады деп қорқады.
Мұның себебі - балалардың қорқынышы, қоғамдық айыптау немесе қайда бару керектігін білмеуі.
ЖИТС орталығы жанындағы Достық кабинетке келіңіз, бұнда АИТВ-ны жұқтыру қаупі аймағына түскендерге қолдау көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда АИТВ және мерезге жасырын экспресс-тестілеу жүргізеді. Сонымен қатар, сіз гепатит пен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жасырын емес түрде тест тапсыра аласыз.
Бұл кабинеттер халықтың негізгі топтарының өкілдеріне, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі жастарға арналған.
Қажет болған жағдайда негізгі тәуекел топтарына емдеу тегін ұсынылады.
Инъекциялық есірткіні тұтынатын тұлғаларға, ер адаммен жыныстық қатынасқа түсетін ерлерге, секс қызметкерлеріне мүшеқаптар (презервативтер) мен лубриканттар таратылады.
Егер сізде қорғалмаған жыныстық қатынас болса, тіпті ешқандай белгілер байқалмаса да, талдау тапсырған жөн. Көптеген ЖЖБИ және АИТВ ұзақ уақыт бойы симптомсыз болуы мүмкін, содан кейін көптеген проблемалар туындай бастайды. Бірақ егер сіз емделуді уақтылы бастасаңыз, онда сіздің өміріңіздің сапасы зардап шекпейді.
Біздің Қостанайдағы Достық кабинетімізге Амангелді көш., 134 мекенжайы
бойынша келуге болады.