Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
Ал Сіз өз мәртебеңізді білесіз бе?
Бүгінгі таңда өз АИТВ-мәртебеңізді білу - сіздің басқа да созылмалы ауруларыңыз туралы білу сияқты ақиқат нәрсе. Егер адам өзінің мәртебесін білсе, онда ол өзіне қамқорлық жасай алады – яғни дәрігердің үнемі бақылауында болады және қажет болған жағдайда тегін терапияны қабылдай алады. Бұл ақпарат адамға жақындарын вирустың берілуінен қорғауға көмектеседі: жыныстық қатынастан аулақ болу немесе АИТВ-инфекциясының таралу қаупін төмендететін мүшеқаптарды (презервативтерді) үнемі қолдану.
Бүгінгі таңда көптеген адамдар, егер олар ретсіз жыныстық қатынасқа түспесе, инъекциялық есірткіні тұтынбаса, демек, АИТВ оларға жұқпайды деп ойлайды, ал бұл әрдайым бұлай бола бермейді. Бір кездейсоқ қорғалмаған жыныстық қатынас сіздің «АИТВ-инфекциясына дейін» өміріңізді «АИТВ-инфекциясынан кейінгі» өмірге өзгертіп жібереді.
АИТВ жұқтырған адамда аурудың сыртқы белгілері ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін, ол өзін сау сезінуі, қалыпты өмір салтын ұстануы мүмкін және өзінің оң АИТВ-мәртебесі туралы тіпті болжай алмауы да мүмкін, өйткені бұл аурудың нақты белгілері жоқ. Шын мәнінде, АИТВ бар деп ашық айтқандардан емес, мәртебесін жасыратын немесе оны мүлдем білмейтін, тестілеуден өтудің қажеті жоқ деп айтатындардан қорқу керек, өйткені ол «қауіпті тобынан» емес. Кейбір адамдарда «АИТВ-инфекциясы» диагнозы әлі де қорқыныш пен үрей тудырады.
Өзіңді және жақындарыңды АИТВ-инфекциясынан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: қауіпсіз және жауапты мінез-құлықты ұстану, салауатты өмір салтын ұстану, ерте жыныстық қатынастардан аулақ болу, некеде адал болу керек. Кездейсоқ жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты «презервативті» қолдану керек. Татуировка жасау, құлақты тесу тек құралдарды зарарсыздандыру жүзеге асырылатын арнайы мекемелерде ғана жасалуы керек. Кез-келген есірткі заттарын қолданудан аулақ болыңыз! Бұл денсаулықты сақтауға және жұқтырып алудан қорғануға көмектеседі. АИТВ-инфекциясына тұрғылықты жері бойынша емханада құпия түрде тексерілуге болады. ЖИТС орталығында Достық кабинеті жұмыс істейді, онда АИТВ-ға анонимді түрде тестілеу экспресс-әдіспен өткізіледі.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта